Жатын бөлмесінде болған өрт салдарынан ер адам көз жұмды. Оқыс оқиға болған сәтте смартфон қуатталып жатқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Малайзияда Cradle Fund компаниясының басшысы Назрин Хассан смартфоны жарылып қайтыс болды.
Басылымның хабарлауынша, ер адамның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, желкесіне қадалған смартфонның әйнектері салдарынан қайтыс болған деген болжам бар. Сондай-ақ, бұған смартфоннан шыққан түтін себеп болуы мүмкін.
Күйеу баласы оның Blackberry және Huawei смартфондарының болғанын айтты. Әзірге олардың қайсысы жарылғаны белгісіз.
«Зарядталып жатқан смартфон қайын атамның өліміне себеп болады деп ешкім ойламады. Өкінішке орай, енді үш бала әкесіз өсетін болды», - деп қосты марқұмның күйеу баласы.
Дереккөз: Baq.kz