Тегеранда үлкен базар жабылып қалды. Бұған бағаның көтерілуі мен ұлттық валютаның әлсіреуі себеп. Осыған байланысты өткен наразылық шарасына қала тұрғындарымен қатар саудагерлер де қатысты.
АҚШ президенті Дональд Трамп мамыр айында Иранға қарсы санкциялардың қайта күшіне енетінін жариялағаннан кейін риал бағамы күрт құлдырады. Мемлекет кредиттік дағдарыс алдында тұр.
Ислам республикасының Орталық банкі валюталық операцияларға шектеу енгізген болатын. Сонымен қатар өткен аптада ресми Тегеран 1 миллион 400 мың тауар импортына тыйым салды.
Дереккөз: 24.kz