AZATTYQ.ORG. «Тоқаевтың топшылауын әртүрлі бағалады» - Қазақстан сенатының төқрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы сайлауға қазіргі президентттің түспеуі мүмкін деген сөзін сарапшылар әрқилы бағалайды.
«Түркия сайлауы: Қазақстаннан көзқарас» - Реджеп Тайып Ердоған Түркиядағы ең құзыретті президентке айналмақ. Маусымның 24-інде өткен сайлауда Ердоған 52 пайыздан аса дауыс жинап, бес жылға президент болып сайланды. Қазақстандық сарапшылар Ердоғанның жеңісін түрліше бағалайды.
INFORMBURO.KZ. «Дәрігерлер ауру деп болжаған баланың сау туылатыны жиі кездеседі. Және керісінше сау дегендерінің ауру болатыны қалай?» - Республика бойынша бір жылда шамамен 400 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Оның екі-үш пайызы, яғни он мыңға жуығы мүгедек.
«"Ұлы дала" III гуманитарлық ғылымдар форумы: Түркі халықтарының саны мен тілдерінің халі қалай?» - Түркі халқы саны тез өсіп жатыр. Алайда Ресейдігі азсанды түркілер тілі жойылып, жұтыла бастаған. Не істеу керек? Сан мен тілдің арақатынасы қандай?
BAQ.KZ. «Түрік жастары Ердоған дәуірі туралы не ойлайды?» - Әлемдік ақпарат агенттігі тілшісі Түркия жастарының 16 жылдан бері билікте келе жатқан бұрынғы премьер-министр, қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған дәуірі туралы бір-біріне қарама-қарсы екі пікірде екенін айтады.
EGEMEN.KZ. «Неке жүзігі немесе жұбайлық өмірде жолы болудың бес белгісі» - Бірде құрбыларымызбен қауқылдасып отырып, біреуі: «Бүгін жұмыста біраз жігіт көз салып, қолпаш әңгімелер айтқанға құлпырып, шынында да әдемі болып кеткен екенмін ғой десем, неке жүзігімді тағуды ұмытып кетіппін. Құдайдың құдіреті, егер жүзігімді тағып жүрмесем, күйеуім екеуміз қараптан-қарап ұрсысып қалады екенбіз», дейтін елеусіз сөзді қыстыра салды.
«Елу жастан кейін бала сүю мүмкін бе?» - Соңғы жылдарда жасы қырық, тіптен елуден асқан әйелдердің бала көтеріп, отбасын қуанышқа кенелтіп жатқаны жайында жиі еститін болдық. Оның салдарын кеш бала көтеру, кеш тұрмысқа шығу сияқты себептерімен де байланыстыруға болады. Осы тұрғыда туындаған сұрақтарымызға Алматы қаласы Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) бөлімінің меңгерушісі, гинеколог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан АЙСАБАЕВА жауап берген еді.
SPUTNIKNEWS.KZ «Үйленгелі жүр еді: Ескендір Сүлейменовтің өмірі жайлы жақын құрбысы айтып берді» - Қаза тапқан Ескендір Сүлейменовтің құрбысы айтқандай, жігітті қаққан қыз "қарапайым емес". Марқұмның достары әділ үкімге қол жеткізуді көздеп отыр.