Атырау, 30 қараша 08:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​АҚШ Қытайлық инвесторларға шектеу қойды

1 181 просмотра


АҚШ Қаржы министрлігі инвестиция салатын Қытай компанияларына байланысты жаңа ереже жариялады. Global Times  басылымының хабарына қарағанда, ереже бойынша инвестиция салған қытайлық компаниялардың үлесі 25 пайыздан аспау керек деп белгіленген. 

Қытай тарабы өз кәсіпкерлерінің шектеуге ұшырағанына байланысты наразылық білдірді. Қытай СІМ-нің ресми мәлімдемешісі Гың Шуаң (Geng shuang) сөзінде: «Қытай тарабы екі елдің ортақ дамуы, ортақ мүдделері тұрғысынан, қытайлық инвесторларға Құрама Штатта қолайлы жағдай жасалуы тиіс», – деді. 

Сауда-саттық дауынан басталған Қытай-АҚШ қайшылығы, бүгін бірқатар сауда-экономикалық байланыстарға салқынын тигізуде. Трамп үкіметі Қытайға бағытталған қысымды, Бейжің билігі әділетсіз сауда саясатын өзгерткенге дейін жалғастыра бермек.  

Дереккөз: “The Qazaq Times

26 маусым 2018, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.