Атырау, 30 қараша 08:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Молдова президенті АҚШ-қа барудан бас тартты

2 042 просмотра


Молдова президенті Игорь Додон. Молдова президенті Игорь Додон АҚШ-қа барудан бас тартты – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше,  Игорь Додон шілде айының 1-і күніне жоспарланған АҚШ-қа сапарын елдегі тұрақсыздықтарға байланысты кейінге қалдырған. 

Аталмыш мәселеге байланысты Додон өзінің Facebook парақшасына: «Мен өзімнің АҚШ-қа сапарымды кейінге қалдырғаным жөнінде Ақ үй өкілдерін ескерттім» - деп жазған. 

Естеріңізге салайық, маусым айының 22-і күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Молованың Приднестровья аумағынан Ресей армиясын шығару жөнінде қарар қабылдаған. 

Құжат Молдова үкіметінің ұсынысы бойынша қаралған. Бірақ аталмыш құжаттың қабылдануына Игорь Додон келісім бермеген. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

26 маусым 2018, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.