Грекияда Македонияның Солтүстік Македония деп өзгертілуіне қарсы ереуіл өтті. Салоники қаласының көшесіне 5 мыңға жуық адам шыққан.
Ереуілшілер бұрынғы Югославиялық республиканың консулдығына жиналып, кейін парламент ғимараты маңында наразылық шарасын ұйымдастырған.
Наразы топ көшеде бүлік шығарды. Шерушілерді тарату мақсатында тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қолданған. Әзірге зардап шеккендер мен қамауға алынғандар туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Македония Республикасының атауы Солтүстік Македония Республикасы болып өзгертілген болатын. Осыған байланысты Афин мен Скопье арасындағы дау-дамайдың басталғанына 25 жылдан асты. Грекия елдегі Македония облысымен шатастырмау мақсатында республика атауын өзгертуді талап етіп келген.
Дереккөз: 24.kz