«АЖ» тілшісі Атырау облысы аумағындағы теміржол станциялары инфрақұрылымдарына шолуды жалғастырды. Анықталғандай, Мақат тораптық станциясының вокзалында да Құлсары мен Сағыз станцияларындай қарапайым жағдайлар жасалмаған екен. Дегенмен вокзал ғимаратының сырты жылтырап тұр.
Станция арқылы «Атырау-Алматы», «Астана-Маңғышлақ», «Маңғышлақ-Ақтөбе», «Атырау-Маңғышлақ», «Куляб-Москва», «Ташкент-Волгоград», «Душанбе-Москва», «Ташкент-Саратов», «Атырау-Құлсары», «Атырау-Ақтөбе», «Мақат-Мұқыр» бағытындағы пойыздар өтеді.
- Вокзалда жолаушыларға ешқандай жағдай жасалмаған. Жүк сақтайтын орын, асхана, ең кішісі, әжетхана да жоқ. Кейде біз осы қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз деп ойлаймын,- дейді мақат тұрғыны Райса.
Вокзал ғимараты 1966 жылы пайдаланылуға берілген. Өкінішке орай, жаңадан тағайындалған вокзал бастығы Әсемгүл ЖАНАДИЛОВА мұл мәселелер туралы ашып ештеңе айта алмады.
Мақат кенті әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ ЖАЙКИН:
- Вокзал темір жол ведомствосына қарайды. Алайда біз жолаушылардың өтініші бойынша «Қазақстан теміржолына» ұсыныс бердік. Бірақ оның қашан жүзеге асатынын нақты айта алмаймын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттер мен видеоны түсірген автор