Атырау, 23 желтоқсан 04:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді

1 366 рет қаралды


Қарақшылық шабуыл жасап, адам өлтірген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіқылмыстық жауапкершілікке тарту үшін аса қауіпті қылмыскер Беслан Лорсановты Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының полициясы Беслан Лорсановты 2011 жылдан бері іздестіріп келген. Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, атыс қаруымен қарақшылық шабуыл жасаған, салдарынан бір адам мерт болды. 

Олардың келтірген материалдық шығыны 300 миллион теңгеден асады. 

Күдікті қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған еді. 

Қазіргі уақытта Лорсанов Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

Дереккөз: sputniknews.kz

26 маусым 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.