Атырау, 24 қараша 14:22
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индер жаңалықтары

5 918 просмотра

БАТЫСТЫ ТҮГЕЛ ҚАМТЫМАҚ

Индер ауданында «Тұз» ЖШС ас тұзын шығарумен 11 жылдан бері айналысып келеді.

Бүгінде серіктестік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сай гипохлорид натрий өндіру жобасы өңірлік үйлестіру кеңесінен қолдау тауып, зауыт құрылысына банктен 290 млн. 300 мың несие алыпты.

- Қазан айында зауыт толық іске қосылған жағдайда жылына 3 000 тонна гипохлорид өнімін шығаруға қол жеткізбекпіз, - дейді «Тұз» ЖШС директоры Әбиірбек ТОҚТЫБАЕВ.

Серіктестік өнімді тек Қазақстанның Батыс өңірін қамтумен бірге басқа да облыс аймақтарына ұсынуды қазірден ойластыруда.

 

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ЖӨНДЕЛЕДІ

Индер ауданында жаңа оқу жылына дайындық барысында мектептерді жөндеуден өткізу қолға алына бастады.

Мәселен, биыл аудандағы М. Әуезов, Қ. Абақанұлы мектептері күрделі жөндеуден өткізілмекші. Бұған бюджеттен 120 миллион теңге қарастырылып, жөндеуді «ЦентрСтрой-ЛТД» ЖШС өз мойнына алып отыр. Ал қалған мектептерді жай жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 3 миллион теңге бөлінген.

 

ЖАЛЫННАН МАЛДАР ӨРТЕНІП КЕТТІ

Таяудағы аяқ асты шыққан өрттен Индер ауданы Бөдене селосындағы бір тұрғынның малы жалын құшағында кетті.

Аудандық ТЖ мамандары өрттің түнде орын алғанын баяндағанымен, ол туралы ашық мәлімет бермей отыр.

Бастырма түгел өртеніп, төбесі ортасына түскендіктен 30-дан астам қой-ешкі, 2 бұзауды құтқару мүмкін болмаған. Адам шығыны жоқ.

Еске сала кетсек, өткен жылы Индербор поселкесінде 5 үйдің қорасы түн ішінде бір уақытта өртенген болатын. Ал кінәлілер әлі күнге табылған жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 маусым 2012, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.