
Мектепалды мекемелер балаларды биометриялық деректері бойынша қабылдайды. Саусақ іздерінің негізінде жұмыс істейтін "Smart Павлодар" жүйесі пилоттық режимде қаладағы балабақшалардың бірінде іске қосылды.
Балабақшаға кіреберісте арнайы құрылғылар орнатылған, оған әуелі ата-ана саусағын қойып, кейін тәрбиеші де саусақ іздерін енгізуі тиіс. Осылайша жүйеде баланы әкелген-әкеткен уақыт сақталады, деп хабарлайды Sputnikpavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Идентификация бойынша жасыл немесе қызыл түс жанады. Қызыл түс баланың медициналық анықтамасы жоқтығын немесе ақысы уақытылы төленбегенін білдіреді.
Бұдан бөлек, ата-ана мобильдік қосымшаны жүктеп алса болады.
BFGroup Inc компаниясының директоры Сергей Голышев айтқандай, бұрын балаларды балабақшаға қабылдау жүзбе-жүз жүргізілетін. Енді бұл процес автоматтандырылды. Қазір екі тілде дауыстық идентификация бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау -1