Атырау, 24 сәуір 12:39
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Сарбаз демалыс алу үшін әкем өлді деп жалған сылтау айтқан

2 062 просмотра


Әскери қызметкер 10 күндік демалыс алу үшін тірі әкесін қайтыс болды деп сылтау айтқан. Бұл туралы Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомствоның мәліметінше, 2018 жылдың 2 мамырында сержант А. міндеттерін орындаудан уақытша босау үшін, қасақана алдау арқылы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат айтқан. 

"Яғни, ол әкесінің қайтыс болуына байланысты баяндама жазып, отбасылық себептер бойынша он күндік заңсыз демалыс алған. Бірақ тексеру барысында Сержант А.-ның әкесі аман-сау болғаны анықталды. Осылайша әскери қызметтен қашқан сержантқа қылмыстық іс қозғады ", - делінген сот сайтында. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 443-бабы 1-тармағы бойынша "Әскери қызметшiнiң аурумын деп жалған сылтаурату немесе өзiне қандай да бiр болмасын зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау) не денсаулығына өзге де зиян келтiру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн орындаудан жалтаруы, сол сияқты әскери қызметті атқарудан бас тарту" бойынша кінәлі деп танылды. 

"Сот Сержант А.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 443-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс бойынша кінәлі деп тапты және оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 120 250 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады Талдықорған гарнизонының Әскери соты баспасөз қызметі.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 маусым 2018, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.