24 маусымда Атырау қаласының Жерұйық ықшамауданында төрт ер адам септикті тазарту кезінде газға уланған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 жастағы жігіт жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Ал қалған үшеуі - 1957, 1968 және 1978 жылғы ер адамдар облыстық ауруханаға орналастырылды.
Зардап шегушілердің туыстары «АЖ»-ға олардың екеуінің өз-өздеріне келіп есін жиғанын, ал үшіншісінің жағдайы ауыр деп бағаланып отырғанын хабарлады. Қайтыс болған жігіт отбасылы, екі баласы бар екен.
Фархат ӘБІЛОВ