Атырау, 26 сәуір 08:46
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қанат Бейсекеев Иранда неге қамауға алынғаны туралы айтты

1 975 просмотра


Қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев Иранда не себепті қамауға алынғанын түсіндірді. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қанат Бейсекеев 22 маусымда ирандық құқық қорғау органдарымен қамауға алынды. Бұл ақпаратты Әлішер Елікбаев растады. Белгілі болғандай, Бейсекеевтің фильм түсіруге рұқсаты болмаған.

«Бізді әуежайда жүгімізді тексеру барысында қамауға алды. Мені және Нұрсұлтанды әуежайдағы учаскеге жіберді. Әділетті «жүкті тексеруге» жібердік, осылайша ол қамауға алынбады және мүлкі тәркіленбеді. Нұрсұлтан екеумізден үш сағат бойы жауап алды. Біз салқын қандылық таныттық, себебі бізді жіберетініне сенімді болдық», - деп жазады Бейсекеев.

Оның айтуынша, оларды отырғызу басталғанға жарты сағат қалғанды босатқан. Алайда жолаққа барар жолда оларды ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері күтіп алған.

«Бізді қайтадан учаскеге жеткізді. Олар бізден барлық сөмкелерімізді ашуымызды қатал түрде талап ете бастады. Біздің рюкзактарымызда қымбат Macbook Pro, айпад пен көптеген кәсіби техника жатты. Олар барлығын тәркіледі – коптер, компьютерлер, флешкалар... Сонымен қатар, ұшақтан менің жүгімді алдыртты, онда түсіру құралдары жатқан болатын. Ал бізге өтініш жасап салып жіберген бір қазақтың сәлемдемесін ашқанда төбе шашымыз тік тұрды. Ол Алматыдағы туысқандарына бір құжаттарды апарып беруді сұраған болатын. Оның берген орамасын біз тіпті ашып та көрмедік. Ал қауіпсіздіқ қызметінің мамандары бұл орамада не бар деп сұрағанда онда не бар еді деп Нұрсұлтан екеуміз ойлана бастадық. Әйтеуір «жай ғана ашып көрейік» деп құтылдық. Одан жүз долларлық купюралардың бір бумасы шықты», - деп бөлісті режиссер.

Ирандықтар ақшамызды қайтарып берді, алайда техника мен түсірген материалымызды алып қалды.

«Осы кезде ұшақта бейкүнә түрімен, бұл оқиғаға еш қатысы жоқ сияқты біздің Әділет отырды. Оның сөмкесінде біз түсірген материалдың көшірмесі бар болатын», - деп түйіндеді ол. 

Дереккөз: Baq.kz

25 маусым 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.