Атырау, 25 желтоқсан 06:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Алты айдан бергі сергелдең

1 794 просмотра

Былтыр Индербор поселкесінің өрттің салдарынан баспанасыз қалған тұрғындары әлі үйсіз жүр.    

Еске сала кетсек, былтырғы желтоқсанда Индербор поселкесіндегі 8 пәтерлі үй өртеніп, 50 шақты тұрғын баспанасыз қалған еді. Жергілікті билік уақытша баспана тауып бергенімен, олар да тұрғын үй үшін пәтерақыны төлей беруге мүмкіндіктері жоқтығын көлденең тартқан.

- «Ізгілік» қоры бұдан әрі пәтерақыны төлеулеріне шамасы келмейтінін ашық жеткізді. Қорда қаржы таусылған. Ал мен жұмыссызбын, екі қызым бар. Әкемнің көзі көрмейді, шешем тағы аурулы, екеуі де мүгедек. Біз қаншама жерге бардық, бір-біріне сілтейді, нақты жауаптары жоқ. Бастапқыда өрттің шығу сараптамасы келсін деген, бірақ ол анықтамамен ешкім таныстырған жоқ,-дейді Гүлзада ТАСЫБАЕВА.

Отбастарында оншақты жан бар Нұрғаным АБИРОВА, Хамит НҰҒЫМАНОВТАР шағын сарайларын паналауда. Осы жылдың 26 сәуірінде аудан әкіміне барғандар нақты жауап ала алмағандарын қынжыла әңгімеледі.

- Күзге дейін баспана мәселесі шешіледі деп отырмыз,-дейді аудан әкімінің орынбасары Алифолла БАЛАХМЕТОВ.

- Оған дейін пәтер жалдаушылар жайы не болмақшы? Олардың үй жалдайтындай жағдайлары да жоқ қой.

-Түсініп отырмын, ол жай шешіледі. Біз адамдарды далаға тастайын деп отырғанымыз жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 маусым 2012, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.