Атырау, 28 наурыз 18:02
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Соңғы үш жылда зейнетақы жарнасын төлегендердің зейнетақысы артады

1 551 просмотра


Соңғы үш жылында зейнетақы жарнасын төлеген зейнеткерлердің зейнетақысы жаңа тұжырымдамаға сәйкес артатын болады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету вице-министрі Светлана Жақыпова Үкімет үйінде 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының өзгеруіне арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жасыратыны жоқ елімізде соңғы жылдары зейнетке шығатын азаматтар соңғы үш жылында зейнетақы қорына жарна төлеп, зейнетке шығып кетіп жатты. Яғни олар оған дейін жұмыс істесе де зейнетақы қорына жарна төлеуді құнттамай келген. Алайда жаңа тұжырымдамаға сәйкес аталған санаттағы зейнеткерлер жаңа тұжырымдамаға сәйкес зейнетақы көлемі төмендейді деп қорықпаса болады. Себебі жаңа тұжырымдамаға сәйкес олардың зейнтақысы өсетін болады», - деп сендірді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, вице-министр осы базалық тұжырымдамаға сәйкес еңбек нарығының бүгінгі жұмысшыларының болашақтағы зейнетақысын тілге тиек етті.

«Жаңа базалық зейнетақы тұжырымдамасына сәйкес болашақ зейнеткерлерді бай зейнеткерлер деуге болады. Мысалы оның 33 жыл еңбек өтілі болды делік. Ол ай сайын осы жылдары зейнетақы жарнасын төлеп тұрды. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап жұмыс беруші де жұмысшысы үшін жалақысының 5% көлемінде қосымша зейнетақы жарнасын аударып тұруға міндетті болады. Енді осыған максималды базалық зейнетақы мөлшерін қосыңыз. Сонда болашақта зейнетке шығатын азаматтарымыз бай зейнеткер болады», - деді Светлана Жақыпова.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа тұжырымдамаға сәйкес зейнеткерлер базалық зейнетақыны жаңадан есептету үшін қайта құжат өткізбейді.

Дереккөз: Baq.kz

25 маусым 2018, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.