Атырау, 22 желтоқсан 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Елбасы Реджеп Тайып Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

1 606 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Реджеп Тайып Ердоғанға Түркия Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жіберді. 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Реджеп Ердоғанды Түркия Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады. 

«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз түрік халқының Сіздің мемлекет басшысы лауазымындағы атқарған жұмыстарыңызды жоғары бағалағанын және Сіздің жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформаларыңызды, сондай-ақ дамудың айқын стратегиялық бағыттарын шынайы қолдайтынын көрсетті», - делінген жеделхатта.

Дереккөз: inform.kz

25 маусым 2018, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.