Атырау, 29 наурыз 19:08
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Тоқаевтың "саяси бомбасының" астарында не жатыр?», «Көшеге шыққандарды полиция ұстаған күн», «Ресейді Путин емес, чекистер тобы билейді», «Бүгінгі банк секторындағы жағдай», «Ұялы телефонды тіркеу кімге қажет?», « “Алтын белгі” табысқа жеткізе ме?».

2 262 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Тоқаевтың "саяси бомбасының" астарында не жатыр?» - Батыс баспасөзінде Қазақстан сенатының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауы қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтуі мүмкін деп мәлімдеген сұхбатына қатысты комментарийлер берілген. Бұған қоса, коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінген Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакқа ішінде қазақстандық күйеубаласы да тарту еткен қымбат "сыйлықтар" туралы жазған.

«Көшеге шыққандарды полиция ұстаған күн» - Маусымның 23-і күні Астана, Алматы және Шымкентте полиция көшеге шыққан ондаған адамды ұстады. Ұсталғандар ешқандай талап қоймаған, олардың қолында плакат я басқадай заттар болмаған. Полиция Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысы митингілер өтеді деп белгілеген орындарда ұсталған адамдарды көлікке күштеп салып, алып кетті. Ұсталғандардың кейбіріне әкімшілік хаттама толтырып, сенбінің кешінде сотқа тартылды.

«Құзыры кеңейген Ердоғанның жеңіске жеткені жарияланды» - Түркияның қазіргі президенті Реджеп Тайип Ердоғанның өзі - президент сайлауында, ал ол басқаратын партияның парламент сайлауында жеңіске жеткені хабарланды. Тиісінше, сайлау екінші турға жетпей аяқталып, Ердоған бұрынғысынша билікте қала беретін болып отыр. Елдегі сайлау мерзімінен бұрын өткізіліп отыр.

«Ресейді Путин емес, чекистер тобы билейді» - Оның есімін Петербургтің саяси анықтамалықтарынан әлі табуға болады, бірақ бұрынғы депутат әрі қалалық үкімет мүшесі Андрей Корчагин бірнеше жылдан бері Ұлыбританияда тұрып жатыр. 2009 жылы өзі басқарған Жол қозғалысы ұйымы дирекциясында тінту жүргізіліп, орынбасары тұтқындалғаннан кейін ол Ресейден кетіп қалған. 

EGEMEN.KZ. «Бүгін Мағжан Жұмабаевтың туған күні» - Мағжанның атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқиды.

INFORMBURO.KZ. «Адамның тағдыры есіміне байланысты ма?» - Психологтар адамның тағдыры атына сай қалыптасады дейді. Сондықтан балаға ат қоярда ойлану керек. Алайда қазір мағынасыз есімді таңдайтындар көп.

AIKYN.KZ. «Бүгінгі банк секторындағы жағдай» - Банк секторы – Қазақстандағы ең көп қолдау көрген, субсидия молынан бөлінген сала. 2008 жылы қаржылық жүйеде қиындықтар туындаған шақта ел Үкіметі жүйе құраушы ірі банктер банкротқа ұшырамас үшін, Ұлттық қордан миллиардтаған қаржы бөлді. 2017 жылы банк жүйесін сауықтыру бағдарламасы аясында бөлінген 3 трлн теңге қаражат елдегі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызын құрайды екен. 

«Ұялы телефонды тіркеу кімге қажет?» - Соңғы кез­дері халық арасында ұялы байланыс телефондарын тіркеу мәселесі жиі айтылып жүрген еді. Бүгінде бұл әңгіме шындыққа айналып үлгерді.

«Неге, неден тайды екен?» - 17 маусым күні 829 жолаушының өмірін тікелей жауапкершілікке алып, Астанадан Алматыға беттеген «Бәйтерек» пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетіп, апатқа ұшырады. Апат Отар мен Шу стансалары аралығында болған. Оқиға салдарынан 1 жасөспірім көз жұмды, тағы 17 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі аталған төтенше жағдай фактісі бойынша тексеру басталғанын хабарлады. Инвестициялар және даму министрлігі арнайы комиссия құрып, апат себептерін іздеуге кірісті. 

«Әркімге арман болған “алтын белгі” табысқа жеткізе ме?» - Соңғы жылдары мектеп бітірушілер арасында «Алтын белгі» алушылар саны күрт өсті. Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйенсек, биыл 6780 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. Ал 2012 жылы – 1824, 2015 жылы – 2205, 2016 жылы – 4458 оқушы «Алтын белгі» алған екен. Биыл олардың саны жеті мыңға жуықтады. Мұндай «оң өзгерістің» себебі не?


25 маусым 2018, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.