Атырау, 23 желтоқсан 04:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Астанада төрт бала суға ағып кетті

1 608 рет қаралды


Құтқарушылар Нұра-Есіл каналынан төрт баланың денесін тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Құтқарушыларға 24 маусым күні Нұра-Есіл каналының аңғарында, Пригородный кентінің аймағында балалардың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Оқиға орнына Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген. Іздеу жұмыстары бүгін, 25 маусымда өз нәтижесін берді. 

«Таңертең, 5 сағат 17 минутта «Пригородный» тұрғын үй алабының аумағында, Нұра-Есіл каналынан балалардың денесі табылды», - деп хабарлады Руслан Иманқұлов. 

Қаза тапқан балалар  9, 12 және екеуі 11 жаста болған. Ведомствода нақтылағандай, олар 24 маусымда шомылуға арналмаған жерде суға ағып кеткен. Балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған. Руслан Иманқұловтың ақпараты бойынша, әрі қарай тергеуді полиция жүргізеді. 

Дереккөз: inform.kz

25 маусым 2018, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.