Атырау, 30 қараша 08:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ердоған Түркиядағы сайлау нәтижесі бойынша мәлімдеме жасады

2 277 просмотра


Түркия әлемге демократия сабағын үйретті, деп мәлім етті Режеп Тайып Ердоған президент және парламент сайлауының нәтижесіне түсініктеме бере отырып. Бұл туралы «Анадолы» агенттігі хабарлады

Жоғарғы сайлау комиссиясының басшысы Сади Гювен Режеп Тайып Ердоған президент сайлауында абсолютті көпшілік дауысын жинағанын жария етті.  Ердоғанның айтуынша, сайлау күнгі қауіпсіздік пен еркіндіктің көрінісі - түрік демократиясы жетістігінің көрсеткіші. 

«Сайлауға келушілер саны 90 пайызға жетіп, әлемнің көптеген елдеріне үлгі көрсеттік. Ең бастысы Түркияның барлық жерінде сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейде болғанына көңіліміз толады», - деді түрік көшбасшысы. 

Президент 24 маусымдағы сайлау Түркиясының бұдан ары қарайғы жетістіктерінің кепілі болады деген үміт білдірді. Ердоған отандастарын ұлт болашағы үшін бірігуге шақырды. 

«Сайлау алды кезеңдегі болған барлық өкпе-ренішті, келіспеушілік пен ұрыс-керісті артта қалдыру керек. Еліміздің болашағы үшін күш-жігерімізді ортақтастырар кез келді», - деді мемлекет басшысы. Президент сайлау үдерісі мен дауыс беру нәтижелерін сынаудан бас тартуға үндеді. «Ешкім өзінің сәтсіздіктерін жасыру үшін сайлау үдерісіне көлеңке түсірмеуі тиіс», - деді Ердоған.

Президент Түркия билігі елді дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген мақсаттарға жетуге толықтай әзір екендігін атап өтті. Түркияда қала көшелерінде Режеп Тайып Ердоғанның және ол жетекшілік ететін Әділет және даму партиясының жеңісін мерекелеуді бастады.

Дереккөз: inform.kz

25 маусым 2018, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.