«АЖ» редакциясына ірі Теңіз мұнай кенішіндегі және «Теңізшевройлдың» мердігер мекемелерінің кейбір қызметкерлері хабарлағандай, 23 маусымда сағат 13-те Мұнай дайындау қондырғысындағы зауыт құбырынан апатты шығарынды орын алды. Бұған технологиялық процестің ақауы себеп болған дейді. Бұл біздің құпия дереккөздерден алынған ақпарат, алайда бір тәулік өтсе де, ТШО әзірге ресми комментарий берген жоқ.
Сол күні зауыт аумағынан қауіпсіз жерге көшірілген барлық жұмысшы бірнеше сағаттан кейін өз жұмыс орындарына қайтарылды. Бүгін, 24 маусым, олардың кейбіреулері хабарлағандай, ауада күкіртсутектің және басқа да зиянды заттардың иісі сезілмейді екен.
Фархат ӘБІЛОВ
Куәгерлерден жолдаған бейнежазба