Түркияда мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлауда өткізу үшін сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сайлау бюллетеньдерінде қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоған, Мухаррем Индже, Селахаттин Демирташ, Мераль Акшенер, Темель Карамоллаоғлы мен Дога Перинчект көрсетілген.
Президенттік және парламенттік сайлаулар бір уақытта өтіп жатыр. Басылымның мәліметінше, 56,3 миллион адамның сайлауға қатысуға құқығы бар. Сайлау учаскелері кешкі сағат 17.00-ге (Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де) дейін ашық тұрады. Сондай-ақ, шамамен 1,5 миллион адамның шетелде жүріп дауыс бергені айтылады.
Дереккөз: tengrinews.kz