Атырау, 30 қараша 08:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

АҚШ соты "жеке өмірге қол сұқпау" принципін қолдады

2 085 просмотра


АҚШ Жоғарғы сотының маусымның 22-і күні шығарған қаулысында, үкімет органдары мобильдік телефон иесінің қай жерде екенін анықтау үшін әуелі тінту жүргізу туралы ордер алуы тиіс екені айтылған. Осылайша жеке өмірге қол сұқпауды жақтайтындар бұл даулы істе жеңіске жетті деп хабарлайды "Америка дауысы".

Аталған мәселе бойынша шешім қабылдағанда Жоғарғы соттың 5 судьясы құқық органдары мобильдік байланыс операторынан оның қызметін пайдаланатын тұтынушының жүріс-тұрысына қатысты деректер сұрату үшін әуелі тінту туралы ордер алуы керек деген ұйғарымды қолдап дауыс берген. Төрт судья қарсы болған.

АҚШ құқық органдары тергеу шаралары барысында әлгіндей ақпаратты жиі сұратып жатады. Жоғарғы сот мобильдік байланыс операторынан ондай ақпаратты алу АҚШ Конституциясының төртінші түзетуі тыйым салған "негізсіз тінту мен алуға" жатады деп түсіндірген.

Дереккөз: azattyq.org

23 маусым 2018, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.