Елді мекендердегі байланыс саласын дамыту, жылдам интернетпен қамтамасыз ету мәселелері Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек ЕСЕКЕЕВТІҢ кездесуінде талқыланды.
Бүгінде мұнайлы астана, сондай-ақ жеті аудан орталықтары талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылған, облыс орталықтарыныңтұрғындар ғаламтор және сандық теледидар қызметтеріне қол жеткізе алады. Ауылдар толықтай телефонмен жабдықталған.
Алайда түйінді мәселелер де жетерлік. Кездесуге қатысқан Құрманғазы ауданынының әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВ аудан мектептерінде ғаламтор жылдамдығының аздығы ауданда IT кабинеттерді ашуға мүмкіндік бермей отырғанын атап өтті.
Ауданда ұялы байланыстың барлық жиелілік диапазондарын пайдалануға мүмкіндік беретін CDMA-450 жүйесі бар. Мектептер мен денсаулық сақтау мекемелері спутниктік жүйелер арқылы интернетке қол жеткізе алады, бірақ қолданысты кеңейту үшін бұл жерде кең жолақты ғаламторға қолжетімділік қажет, - дейді Б.Шаяхметов.
Тараптар оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) құру мүмкіндігі талқыланды. 2019 жылы ТОБЖ-н жақын жердегі Батыс Қазақстан облысындағы Сайхын ауылынан Құрманғазы ауданының (шамамен 120 км) Сүйіндік ауылына тарту мүмкіндігі бар екенін айтты.
Біздің алдағы басымдықтардың бірі – әлеуметтік маңызы бар объектілердің жылдам интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету. Егер жергілікті бюджеттен қаржы қаралса, Атырау облысы бойынша интернетті 12 Мбит / сек жылдамдыққа да көбейте аламыз,- деді Есекеев.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор