Атырау, 30 қараша 08:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​ЕО-ның АҚШ-қа жауап ретіндегі баж салығы бүгін күшіне енеді

1 765 просмотра


Еуропалық одақтың АҚШ-қа жауап ретіндегі баж салығы бүгіннен бастап күшіне енеді. Осыған дейін Еурокомиссияның баспасөз қызметі АҚШ-тан шығатын тауарларға жылына 3 миллиард еуро шамасында салық енгізілгені туралы хабарланған болатын. 

Бұл өзгерістер ең алдымен болат және аллюминий саудасына қатысты болмақ. Себебі АҚШ тарапы тарифтерді осы тауарлардан бастаған еді. 

Еуроодақ баж салығын енгізген америкалық тауарлар тізімінде бұдан басқа мотоциклдер, тоқыма, ауыл шаруашылығы өнімдері, спирттік өнімдердің кейбір түрлері, темекі және шырын бар. Брюссельде өткен жиын кезінде Еуропа тарапы мұндай өзгерістің Дүниежүзілік сауда ұйымының заңнамасына қайшы келмейтінін алға тартты. Себебі бұл – жаһан экономикасындағы жағдайды тұрақтандыру үшін жасалып жатқан әрекет», – дейді мамандар.

Егер Ақ үй өз шешімін өзгертсе, Еуроодақ та мәселені қайтадан қарауға дайын. Алайда сауда соғысы жалғаса берсе, Еуроодақ тарифті 50 пайызға дейін көтеретінін ескертті. Еске сала кетсек, АҚШ бірінші маусымнан бастап өз жеріне әкелінетін болатқа 25 пайыз, ал алюминийге 10 пайыз баж салығын енгізген болатын. Халықаралық ұйым, Ақ үй басшысының бұл шешімін қатаң сынға алды.

Дереккөз: 24.kz

22 маусым 2018, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.