Атырау, 28 шілде 18:47
 дождьВ Атырау +39.2
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

​Назарбаев: толеранттық бір күнде пайда болмайды

2 882 рет қаралды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев толеранттықтың төзімділіктен айырмашылығын түсіндірді. Мемлекет басшысының шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатынан үзіндіні президенттің телерадиокешені жариялады.

"Төзімділік бар, толеранттық бар. Басқа адамға ұнамаса да, мен төзетін болсам – ол төзімділік. Яғни адамның проблемаға пассивті қарым-қатынасы. Толеранттық— ол төзімділік емес. Ол түсіністік, өзара түсіністік және ынтымақтастық. Толеранттық бір күнде пайда болмайды, ол жылдар бойы қалыптасады", — деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президентінің видео жауабы ағылшын тілінде дубляждалған.   

Дереккөз: sputniknews.kz

22 маусым 2018, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.