Атырау, 23 желтоқсан 04:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Танымал қазақстандық режиссер шетелде ұсталды

2 381 рет қаралды


Қазақстан азаматының не үшін ұсталғаны әлі белгісіз. Қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеев Иранда ұсталды. Бұл туралы PR-маман Әлішер Елікбаев Sputnik агенттігіне хабарлаған.

"Қанат Бейсекеевтің Иранда ұсталғанын растаймын. Кеше ғой деймін. Бүкіл құралын тәркілеген сияқты: коптер, хардтар, компьютер", — деп хабарлады Елікбаев.

Ол түсіндіріп өткендей, Бейсекеев Иранда қазақтар туралы деректі фильм түсіріп жатқан. Бұған дейін сол мақсатта Монғолия мен Өзбекстанға барып қайтыпты. Ол жақта полицияға қатысты ешқандай қиындық болмаған, дейді Елікбаев.

Қанат Бейсекеев – қазақстандық режиссер-документалист, сценарист, оператор. Оның жұмыстары арасында америкалықтар асырап алған қазақстандық балалар туралы "Бала" фильмі,  "Билегім келеді" атты аяғынан айырылған қазақстандық биші туралы фильм бар.

Gorgan, Iran Day 2

Публикация от kana (@beisekeyev)


Дереккөз: sputniknews.kz

22 маусым 2018, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.