Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Нұргүл Ертаева және Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы сырттай екі айға қамауға алынды

1 620 рет қаралды


Bank RBK-нің бұрынғы тәуелсіз диреткоры Нұргүл Ертаева мен Алма-ТВ директорлар кеңесінің басшысы Александр Пархоменко сырттай екі айға қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының қалалық сотына сілтеме жасап.

Бұлтартпау шарасына Медеу аданының № 2 соты санкция берді. Ертаева мен Пархоменко аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді (ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-тарауы, 2-тармағы). 

"Алматының Медеу ауданының № 2 сотының тергеуші судьясы күдікті Нұргүл Ертаеваның жоқ кезінде оны екі айға қамау туралы шешім шығарды, Александр Пархоменкоға да қатысты солай", - дейді сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, Қазақстан ІІМ-нің Интерполдық Ұлттық орталық бюросының сұранысымен Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталған болатын. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған. Қазіргі кезде Ертаев үй қамағында. 

Дереккөз: tengrinews.kz

22 маусым 2018, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.