AZATTYQ.ORG. «”Билік транзиті” тұсындағы “түрлі оппозиция”» - Осы аптада АҚШ-қа барған «Жаңа Қазақстан» форумы өзін елдің саяси кеңістігіндегі «жаңа оппозициялық ұйым» ретінде таныстырып жүр. Бұл топқа күмәнмен қарап отырған кейбір тіркелмеген, я тіркелген оппозициялық партия өкілдері бірін-бірі «биліктің жобасы» деп сынап жатады.
«"Панама архивінде" Дариға Назарбаеваның аты тағы да аталды» - Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы жариялаған офшор туралы құжаттың екінші бөлігінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның есімі жүр.
TURKYSTAN.KZ. «Телі мен тентек көбейген ел» - Еліміздің ішкі істер саласында атқарылар шаруа көп. Өйткені ел аумағындағы қылмыстық істер азаймай отыр. Қазақстанның бас полицейі Қалмұханбет Қасымов халыққа есеп беру кезінде қылмыстық істерге қатысты статистиканы жік-жігімен ажыратып берді.
«Қашанғы күтіп отырамыз?» - Өткен аптада 2018 жылдың 5 айындағы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысын саралаған ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қаржы министрлігінің есебін тыңдағаннан кейін әріптестеріне түйіле қарап: «Бюджет қабылданды. Бірақ қаржы игерілмейді. Қашанғы күтіп отырамыз? Не экономикада өсім жоқ, не халықтың алдында айтатын сөз жоқ... Айтпады демеңіздер, құрметті әріптестер... Халық пен Елбасының алдында өздеріңіз жауап бересіздер», – деді шарасыздық танытқандай болып.
«Балалық шақ һәм бизнес» - Кез келген адам ақша таба алады. Алайда ақшаны басқаруға келгенде табыстылардың өзі орта жолда ойланады. Себебі қаржылық сауаттылық аяқтан шалады. Бұл – дәлелденген тұжырым. Экономистер мен сарапшылардың жыл сайынғы зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны өзінің қаржылық сауаттылығына күмәнмен қарайды. Демек, ақшаны табу мен оны басқару арасында байланыс жоқ, нақтысы, қаржылық сауатсыздығымыз басым.
«8,5 триллион теңгенің тағдыры» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаеваның мәліметінше, жақын арада қазақстандықтар өздерінің зейнетақылық жинақтарын қандай құралдарға инвестициялап, қанша пайда табатынын өздері шешетін болады. Осы мақсатта зейнетақылық активтерді басқару саласында жаңа өзгерістер өмірге жолдама алуға дайын.
QAZAQTIMES.COM. «Ердоғанның билікте қалуы мен кетуін шетелдегі сайлаушылар шеше ме?» - Ердоған кезекті сайлауда жеңіске жетсе жалғасты 10 жыл билік жүргізбек. Түркияда екі күннен кейін, яғни, 24 маусым күні президенттік және парламенттік сайлау өтпек. Шетелдік ақпарат көздерінің мәліметінше, шетелде тұратын түркиялық сайлаушылар бұл реткі сайлау нәтижесіне үлкен әсер етпек. Айтылқ, президент Режеп Тайып Ердоғанның билікте қалуы немесе кетуінде шетелдегі дауыс берушілер үлкен рөл атқармақ.