Атырау, 30 қараша 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Үш минут үзіліс жасаған жұмысшының жалақысы қысқартылды

2 104 просмотра


Компания қызметкердің жұмыс орнында болмағанын байқап еңбекақысын қысқартқан. Жапон компаниясы күн сайын түскі ас сатып алуға үш минутқа жұмыс орнын тастап кететін қызметкері үшін клиенттердің алдында кешірім сұрады.

Daily Mail хабарлағандай, 64 жастағы ер адам "Кобе" су құбыры компаниясында жұмыс істейді. Жеті ай бойы жақын маңдағы дүкенге бару үшін 26 рет үш минутқа жұмыс орнын тастап кеткен екен. Сөйтіп, 2017 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың наурызы аралығында шамамен 78 минут жұмсаған. Компания өкілдері клиенттерден кешірім сұрады.

Басылым атап өткендей, компания жұмысшының өз орнында жоқ екенін көрген соң жалақысын қысқартқан: әріптестерінің бірі ер адамның тамақ алу үшін жолдан өтіп бара жатқанын терезеден байқап қалыпты.

"Осындай жайттың болғаны өкінішті. Шын жүректен кешірім сұраймыз", — деп мәлімдеді компания телевидение арқылы.

Әлеуметтік желі қолданушылары жұмысшыны қорғаштап, бұл жазаны "мүлдем ақылға қонымсыз" деп санайды.

"Адамдарға әжетханаға баруға да болмай ма? Құлдық па, әлде не?", — деп жазды Twitter қолданушыларының бірі.

Дереккөз: sputniknews.kz

22 маусым 2018, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.