Атырау, 23 желтоқсан 04:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Видеодерек: мүмкіндігі шектеулі түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Бейнежазба
2 157 рет қаралды

Қазақстан білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында хабарлағандай, сынақ өтетін кабинеттер мүмкіндігі шектеулі түлектерге арналған құрылғылармен жабдықталады.

Ведомство айтқан сөзінде тұрды. Арнайы құралдарды пайдаланған түлектердің бірі – елордалық №7 мектептің оқушысы Рамазан Есмағамбетов.

Рамазан жыл бойы емтиханға барын салып дайындалды. Тестілеуге бойындағы күш-жігерін жинап, сақадай сай келген. Келешекте бозбала тілші мамандығын игеріп, телеарналардың бірінде диктор болуды армандайды.

Болашақ тележұлдыз ендігі кезекте өзі таңдаған ЖОО-да шығармашылық емтиханнан өтуі тиіс.

Рамазан Есмағамбетовтың айтуынша, ең бастысы – өзіңе және арманыңа қалтқысыз сеніп, ешқандай кедергіге қарамастан алға ұмтылу.



Дереккөз: sputniknews.kz

21 маусым 2018, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.