Атырау, 30 қараша 07:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Трамп мигрант отбасы мүшелерін ажыратпайтын заңға қол қоймақ

2 217 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Мексикамен шекарасында ұсталған мигранттарды отбасынан ажыратпауға мүмкіндік беретін құжатқа қол қоятынын мәлімдеді.

"Мен таяуда құжат дайын болған кезде қол қоямын. Бұның заңға сай келетініне сенімдімін", – деді Трамп 20 маусымда Ақ үйде журналистер алдында.

Бұл құжат егер ересектер ұсталып немесе заңсыз шекарадан өтті деген айыппен тергеліп жатқан кезде де отбасы мүшелерімен бірге болуына мүмкіндік бермек.

18 маусымда Трамп "АҚШ мигранттардың лагері болмайды" деп мәлімдеген еді. Ол демократтарды Ақ үйге заң жобасын әзірлеуге болыспайды деп айыптаған.

АҚШ-та соңғы уақытта заңсыз мигранттардың отбасы мүшелерінің бір-бірінен ажырату мәселесін талқылау бірінші кезекте тұр. Отбасы мүшелерін ажырату тәжірибесі бұрын сирек қолданылатын, енді федералдық агенттер елден босқын мәртебесін алуды көздейтіндерді немесе заңсыз елге кіргендерді кері қайтарып жатыр. Трамп әкімшілігі өткен аптада соңғы бір айдан астам уақытта екі мыңға жуық кәмелетке толмаған бала ата-анасынан ажыратылды деп хабарлаған.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн балаларды қысымға алу арқылы миграцияны азайту әрекетін "шектен шығу" деп бағалаған.

Бұл мәселе бойынша АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп та пікірін білдірген.

Мелания ханым балаларды отбасынан ажыратып жатқанын ауыр қабылдайды және екі тараптың да бірлесіп, сәтті миграциялық реформа жасайтынына сенеді", – деп мәлімдеді оның баспасөз қызметі.

Бұрынғы бірінші ханым Лора Буш Washington Post газетіне берген сұхбатында отбасын бөлу саясатына "қатыгез, моральға қайшы" деп пікір білдірген.

Дереккөз: azattyq.org

21 маусым 2018, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.