Португалия құрамасы Еуро-2012 додасының жартылай финалына шыққан алғашқы команда атанды. Ойындағы жеңіс голын команда капитаны Криштиану Роналду соқты.
Чехтар ойынды ширақ бастады, алайда матчтың 60-70 минутында португалдықтардың толассыз шабуылына қайрат көрсете алмады.
Чех қорғаушысының арт жағынан шыға келген Роналду допты қақпаға баспен бағыттады, деп хабарлайды Tochka.net.
Португалия құрамасы жартылай финалда 23 маусым күні Донецкте өтетін Испания – Франция арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.
Дереккөз: bnews.kz