Атырау, 26 сәуір 12:44
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Грузия парламенті "өтпелі үкіметті" бекітті

1 380 просмотра


Грузия парламенті жаңа премьер-министр Мамук Бахтадзе мен оның министрлер кабинетіне сенім білдірді. Сенімділік вотумын 99 депутат қолдап, біреуі қарсы дауыс берді.

Премьердің өзі үкіметті "өтпелі үкімет" деп атады. Бахтадзенің айтуынша, ол үкімет үш аптадан соң ауысады. Бұл уақытта заңға өзгерістер енгізіліп, министрліктер саны 14-тен 11-ге қысқартылады.

"Министрлері азаятын үкімет" Бахтадзенің "Еркіндік, жедел даму және аман-саулық" деп аталатын бағдарламасын іске асырмақ. Бағдарламаның негізгі қағидасы - еуроатлантикалық құрылымға кірігу, салық кодексін реформалау, зейнетақының жинақтаушы жүйесіне өту, білім саласының бюджетін ұлғайту және инвестиция тартуға еркін экономикалық аймақ құру болмақ.

Дереккөз: azattyq.org

21 маусым 2018, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.