AZATTYQ.ORG. «БАҚ-тың YouTube комменті үшін жазалануы мүмкін бе?» - "Уральская неделя" газетінің YouTube-тегі видеосының форумына көрермен жазған коммент қылмыстық іс қозғауға негіз болды. Полиция журналистерден коммент жазушы туралы жауап алды. БАҚ саласындағы сарапшылар мен заңгерлер бұл әрекеттің заңдылығына күмән келтіреді.
«"Арқадағтың" саяқ жүруінің сыры неде?» - Түркіменстан үшін жайлы болған кездері президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің сырт елге көп шықпайтыны үлкен әңгіме туызбайтын. Бірақ, қазіргідей қиын уақытта оған шетелдік достарының көмегі артық болмас еді.
«Адам құқығын құрметтеу – елдің ішкі жүйесіне тәуелді» - АҚШ-тың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі құрамынан шығу туралы шешімі түрлі пікір туғызды. Қазақстандық кей сарапшылар халықаралық ұйымдарда адам құқығына қатысты өзекті мәселелер авторитарлық режимдердің тосқауылына кезігетінін айтады.
«Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі деп ойламаймын» - Қазақстан Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлыбританиялық ВВС телеарнасының Hard Talk бағдарламасына сұхбат беріп, Назарбаевтың билігі және елдегі жемқорлықпен күрес туралы айтты. Сұхбат 20 маусымда ВВС News телеарнасына және BBC радиосына шықты.
DALANEWS.KZ. «Миттал қазақ билігіне қанша пара берген?» - Қазақстанда бәрі де шетелдік инвесторлардың қолында. Мұнай зауыттары, алюминий, ферро қорытпа, көмір өндірісі – түгелімен солардың иелігінде.
365INFO.KZ. «”Цифрлы Қазақстан”: криптовалюта жүйесіне өте аламыз ба?» - Соңғы кезде Қазақстанда да, басқа дамыған елдерде де криптовалюта, биткоин, блокчейн технологиясы деген сөздер көбейіп кетті. Тіпті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев маусым айында Астана экономикалық форумында тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де қызығушылық танытып отырған криптовалюта тақырыбын қозғады.
«Әлі бүкіл өмір цифрланады: криптовалюта, биткоин деген не?» - Бүгінде әлемнің көптеген елдері криптовалютаны қаржы жүйелерінің қазіргі конфигурациясына бейімдеу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр. Десек те, әлем елдері бұл мәселеде әртүрлі әрекет етуде. Бұл бытыраңқылықтың соңы тиімсіздікке әкеледі.
ULT.KZ. «Расул Жұмалы: Түркістан - тарихи сабақтастық пен әділдіктің салтанат құруының көрінісі» - Түркістан облысының құрылып, 17-ші аймақтың пайда болуы - бұл тарихи сабақтастық пен әділдіктің салтанат құруының көрінісі. Түркістан облысының құрылуы қаланың Қазақстанның мәдениет орталығы, ірі экономикалық ошағы ретінде дамуына жақсы мүмкіндік туғызады.