Атырау, 10 желтоқсан 09:43
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

ШҚО-да шекарашыларды ұрып-соғуға күдікті шекара бекетінің бастығы ұсталды

2 537 просмотра

АСТАНА, 21 мау –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның  шекара қызметіндегі жауынгерді ұрып-соқты деген күдікпен  келісім-шарт жауынгерлері және офицер  ұсталды деп хабарлайды республиканың бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.


2012 жылғы 18 маусымда 2017 әскери бөлімінің «Терісайырық» шекаралық заставасының 11 мерзімді әскери қызметшісі заставаны тастап кеткен. Осы күні жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде олардың табылған орны анықталып, қызмет орнына жеткізілді."Олар шарт бойынша әскери қызметшілер тарапынан соққыға жығылғандарын көрсетті",-делінген әскери прокуратура хабарламасында.

Осы оқиға бойынша 2012 жылғы 19 маусымда Өскемен гарнизонының әскери прокурорымен Қылмыстық кодекстің 380-1-бабының 2 бөлігі «а» тармағында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыстық істі тергеу шеңберінде Өскемен әскери-тергеу басқармасымен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132 бабы тәртібінде 3 шарт бойынша әскери қызметші ұсталды, оның ішінде шекара заставасының бастығы бар»,-делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

21 маусым 2012, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.