Атырау, 26 қараша 02:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шомылуға кетіп, қайтып оралмады

2 308 просмотра


19 маусымда Атырау облысында екі бала Жайық өзеніне батып кетті. Бірінші жағдайда, сағат 15.06-да ТЖД кезекшісіне Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында 8 жасар баланың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Баланың денесі әлі табылған жоқ.

- Сол күні сағат 18.30-да сол аудандағы Ақжайық ауылында 15 жастағы жасөспірім Жайыққа батып кеткен, денесі әзірге табылған жоқ, екеуін де іздестіру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметінен.

Ақжайық ауылының тұрғындарының бірі «АЖ» тілшісіне әңгімелегендей, суға батқан жасөспірім жақында 9-шы сыныпты бітірген, жүзу білмейді екен, шомылуға досымен бірге барыпты.

Фархат ӘБІЛОВ

20 маусым 2018, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.