Атырау, 26 қараша 02:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​​Жәрдемақылар мен зейнетақылар туралы

3 301 просмотра

Ортада - Гүлнәр МЕҢДІҒАРИЕВА
Атырау облысында 21 274 мүгедек және 55 мыңнан астам зейнеткер тұрады. 1 қаңтардан бастап ортақ зейнетақы 8%-ға, базалық зейнетақы мен  әлеуметтік төлемдердің басқа түрлері 6%-ға артты. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Гүлнәр МЕҢДІҒАРИЕВА брифингте мәлім етті.


Қазақстанда көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді: зейнетақыға шыққан барлық азаматтарға, жұмыс өтілі мен табысына қарамастан тағайындалатын базалық зейнетақы төлемі; еңбек өтіліне байланысты республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін ортақ зейнетақы; 10% міндетті жинақтаушы зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ төлемдері.

 «АЖ» сұрақтары:

- Ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша?

- Базалық зейнетақыны қосқанда төменгі зейнетақы бүгінгі күні 49 019 теңгені құрайды.

- 1 шілдеден бастап Қазақстанда 18 жастан асқан І топ мүгедектеріне күтім жасайтын адамдарға арналған жәрдемақы енгізіледі. Оның көлемі қандай?

- 1 күнкөріс минимумынан - айына 28 284 теңгеден кем емес.

- Мүгедектер үшін әлеуметтік нысандарды бейімдеу тұрғысындағы тексерулер нәтижесі қандай?

- Жыл басынан бері 12 тексеру жұмыстары жүргізілді, олардың нәтижесі бойынша 3 әкімшілік айыппұл салынып, 9 ұйғарым шығарылды.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

20 маусым 2018, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.