Атырау, 30 қараша 07:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Израильдің бұрынғы министрі Иран тыңшысы деп айыпталды

1 754 просмотра


Израильдік бұрынғы министр Гонен Сегев. Фото: The National. Израильдің бұрынғы министрі «тыңшылық» айыбымен тергелуде. 

1992-1995 жылдар арасында Энергетика министрі Гонен Сегевке қатысты айыпты Израиль Ішкі барлау ұйымы тағып отыр. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі мәлімдеді. Аталған барлау ұйымы бұрынғы министр және депутат Гоненге «Иранның тыңшысы және соғыс кезінде жауға көмек көрсетті» деген айыптар тақты.

Мәліметке сәйкес, Гонен Иранның Нигериядағы өкілетті елшілігінде Иран лауазымдыларымен кездескен. Иранға жасаған екі реткі сапарында да сол елдің маңызды лауазымды тұлғалармен жеке кездесуде болған. 

Гонен Сегев 2005 жылы есірткі саудасымен айыпталып, 5 жылға сотталған. 2 жыл жаза мерзімін өтеп, 2007 жылдан кейін Нигерияға. Мамыр айында Эквадор Гвинеясында жергілікті полиция тарабынан қолға алынып, Израильге қайтарылған. Хабарға қарағанда алдағы жұма күні Гонен Сегев Израильге жеткізіледі. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

20 маусым 2018, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.