Атырау, 26 қараша 02:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Үш" күш болмай тұр

3 979 просмотра


«АЖ» редакциясына Атыраудағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған техникалық гимназия (СТГ)оқушыларының ата-аналары хабарласып, оқу жылы қорытындысында кейбір пәндерден «3» деген баға алған оқушыларды мектеп басшылығы педагогикалық кеңестің шешімімен оқудан шығарып жатқаны туралы шағымданды.

- Балаларымыз бұрынғы мектептерінде 4 пен 5-ке оқыды. Осында келіп, бағалары түсіп кетті. Гимназия директоры бұны қай заңдылыққа сүйеніп жасап отыр? Директор бір ережелерге сүйенеді, дегенмен, балаларға тағы бір мүмкіндік беруге болады ғой?- дейді ата-аналар.

Гимназияның директоры Арайлым КЕНЖЕГАРИНА мұны растады, ата-аналардың мұндай шағымдармен облыстық, қалалық білім беру бөлімдеріне, тіпті министрлікке дейін шығып жатқанын айтады.

- Біз мектеп-гимназия емес, таза гимназиямыз. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен гимназияның қызметтік ережесі және білім беру қағидалары туралы 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы бар. Онда оқушының үлгерімі нәтижесі бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен гимназиядан шығарылып, жәй мектепке ауыстырылатыны туралы көрсетілген.

- Ата-аналар әр сыныпта 40 оқушыдан отырғаны, сол себепті сабақ үлгерімдері түсіп кеткенін айтады.

- Гимназия негізінен 624 орынға арналғанымен, қазіргі таңда 2200 оқушы білім алып жатыр. Гимназияның талабында егер оқушы жыл қорытындысында 3 пәннен алған «үшке» шықса, оқудан шығарылатыны айтылған. Бірақ біз оған да қарап отырған жоқпыз, бес немесе алты «үші» болған жағдайда ғана оқудан шығарып отырмыз. Келер жылы да осындай мүмкіндіктер жасаймыз.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Суретті түсірген автор

20 маусым 2018, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.