INFORMBURO.KZ. «Қазақтан бұрын домбыра болған» - Домбыраның тарихын білесіз бе? Жаңа мереке Ұлттық домбыра күні белгіленді. Әр жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.
«Түркістан облысын қайта құруға қанша қаржы қажет?» - Сарапшылар Түркістан облысын қайта құрудың астарында бұл жердің"түркі ордасы" екенін өзбектерге дәлелдеу мәселесі жатқанын айтады.
ABAI.KZ. «Сайрагүл айына 8 күн ханзудың үйіне түнеуге міндеттелген» - Қытайдан балалары үшін шекара бұзып, елге жасырын келген Сайрагүл Сауытбайдың тергеуі Талдықорған қаласында жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Талдықорғаннан тілшіміз Нұргелді Әбдіғани хабарлады.
AZATTYQ.ORG. «Ресейдегі ұлттар мен Мемлекеттік дума арасындағы тіл тартысы» - 19 маусымда Ресейдің Мемлекеттік думасы ұлттық тілдерді мектепте ерікті түрде оқыту туралы заң жобасын қарайды. Жоба Ресейдегі ұлт республикаларының тілдерін мектепте таңдау арқылы оқытуды қарастырады.
AIKYN.KZ. «НАТО-ға мүше елдердің арасында алауыздық бар» - «Бұл мәселе барған сайын күрделеніп келеді. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бұл әсіресе, АҚШ пен еуропалық одақтастар арасында барған сайын көрініп отыр. Егер бұл жағдай одан ары жалғаса беретін болса, онда НАТО-ға мүше елдер арасында саяси текетірес орын алып, ұйымның мызғымастығына сызат түсуі мүмкін».
«Ақылы жолдар – ақшаның бастауы» - Қазір тегін ештеңе жоқ. Әрі-беріден соң тегін дүниенің құны да жоқ. Затты бағалаудан, ол бағаны қымбаттатудан алдымызға жан салмайтын ел едік. Соңғы 5 жылдың бедерінде тас жолдарды да жаппай ақылы етуге көштік.