Атырау, 20 мамыр 00:22
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресей энергетикалық компаниясының топ-менеджері ұсталды

1 644 просмотра


Ресейлік БАҚ "Интер РАО" энергетикалық компаниясының басқарма мүшесі Карина Цурканның шетел пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен қамалғанын хабарлады. "Интерфакс" пен ТАСС агенттіктерінің Мәскеудің Лефортовский аудандық сотына сілтеме жасап хабарлауынша, Цурканды Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) агенттері ұстаған.

"Интер РАО" сайтындағы ақпаратқа қарағанда, Цуркан компанияның сауда департаментін басқарады. "Коммерсантъ" газеті оның Шығыс Еуропа елдеріне, оның ішінде Молдоваға электр қуатын тасымалдау келісімдерімен айналысқанын жазады. Басылым өз дереккөзіне сілтеп, Цурканның Румыния барлау қызметіне қатысы бар бизнесменмен байланысты екенін айтады.

"Интерфакс" агенттігі Ресей энергетика министрі орынбасарының кеңсесінде болған тінту осы тұтқындаумен байланысы бар болуы мүмкін деп болжайды. "Интер РАО" баспасөз қызметі Азаттықтың бұған қатысты сауалына әзірге жауап бермеді.

Компания сайтында Цурканның Молдова университетін бітіргені және 2010-2011 жылдары компанияның Молдова, Украина және Румынияға электр қуатын тасымалдауды үйлестіретін бөлімінде жұмыс істегені айтылған.

Дереккөз: azattyq.org

20 маусым 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.