Атырау, 30 қараша 07:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Өзбекстан ауған тәлібтерімен келіссөздер жасамақ

1 770 просмотра


Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» террорлық қозғалысы арасында бейбіт келіссөздер жасалуы үшін дәнекер болуға дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы, кеше, 18 маусымда Өзбекстанның сыртқы саясат ведомоствасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Үстіміздегі жылдың 27 наурызында Ташкентте өткен Ауғанстан мәселелері жөніндегі халықаралық конференциядан кейін Өзбекстан ресми Кабулмен, сонымен қатар АҚШ, Қытай, Ресей, Оңтүстік Азия, Орта және Таяу Шығыс елдерімен консультативтык кездесулер өткізіп, нәтижесінде Ауғанстандағы жағдайға байланысты «Талибан» қозғалысы өкілдерімен мәмілелесуге шешім шығарған.

Еске сала кетсек, 15 маусым күні Ауғанстан билігі мен тәлібтер 17 жылдан бері алғаш рет уақытша бітім жасасқан еді. Ел президенті Ашраф Гани осы келісімшарт ұзақ жылғы соғысқа нүкте қоядыдеп үміттенетінін де жасырмады. 

Алайда, Түркіменстанмен шекарада ДАИШ өкілдері тарапынан жасалған шабуылға байланысты қайта көтерілген тәлібтер, президенттің уақытша бітім мерзімін ұзарту ұсынысын қабылдамайтындықтарын мәлімдеген болатын. Енді, Өзбекстан билігі де бұл мәселеге араласа бастады. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

19 маусым 2018, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.