Атырау, 26 қараша 02:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау әкімі теңізден балық аулауға қарсы - 3

3 374 просмотра


15 маусымда Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде кәсіпшілікпен балық аулау үшін тыйым салу аймақтарын белгілеу туралы бұрын қабылданған бұйрығы күшіне енді.

Бұл 15 маусымнан бастап Каспий теңізінің Жайық жақтағы саға кеңістігінен балық аулауға тыйым салынған дегенді білдіреді, бірақ бұл Қиғаш өзені сағасынан кәсіпшілікпен балық аулайтындарға қатысты емес. Негізгі шектеулер Жайықтан және сағадан балық аулайтын балық кооперативтеріне қатысты. Енді Каспий теңізінің ашық бөлігіне кәсіпшілікпен балық аулауға шыққан кезде олар тыйым салынған аймақтан әрірек, яғни, жағалау сызығының бойымен Жайық сағасынан оңға және солға қарай 50 км кетуге міндетті.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

19 маусым 2018, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.