Атырау, 30 қараша 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Барак Обама қайтадан АҚШ президенті болуы мүмкін – БАҚ

2 576 просмотра


АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама үлкен саясатқа қайтып оралуды көздеп отыр. Ол 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz Vanity fair журналына сілтеме жасап. 

АҚШ-тың демократиялық партиясы Барак Обамадан басқа үміткерді көріп отырған жоқ. 

"АҚШ демократиялық партиясының мүшелері "елдің халықаралық аренадағы жағдайы мен қазіргі президент Дональд Трамп қол қойған заңды көріп жағаларын ұстады. Республикалықтардың жүгенсіз билігінен шаршаған демократтар Барак Обамаға көмекке жүгінді", – деп жазады басылым. 

Vanity fair Обаманың соңғы айларда демократиялық партияның жоғары шенді шенеуніктерімен бірнеше кездесу өткізгенін жазды. Кездесуде болашақтағы сайлауға қатысу жоспары талқыланған болуы мүмкін. 

Барак Обаманың соңғы шешімі сайлаудың алдында белгілі болмақ. Өзі болса ешқандай пікір білдірген жоқ, бірақ Конгрессте саяси белсенділігінің артқаны байқалды. 

Дереккөз: today.kz

19 маусым 2018, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.