Атырау, 30 қараша 07:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қырғызстанда тағы бір бұрынғы премьер-министр ұсталды

2 221 просмотра


Бішкектегі қыстыгүнгі ЖЭС апаты бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында бұрынғы лауазымды тұлғалар қамауға алынды. Қырғызстан министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Жанторо Сатыбалдиев жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. 

"Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, экс-премьер-министр Жанторо Сатыбалдиев Бішкек ЖЭС-ын жаңарту туралы іс бойынша ұсталды", — деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Экс-премьер-министрге сыбайлас жемқорлық жасады және қылмысқа қатысы бар деген айыптаулар тағылған. Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу жүріп жатыр.

ЖЭС апатына қатысты іс бойынша бірқатар бұрынғы жоғары лауазымды тұлға ұсталған: бұрынғы премьер Сапар Исаков, Ұлттық энергетика холдингінің бұрынғы басшысы Айбек Калиев және энергетика саласының басқа да мамандары.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 маусым 2018, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.