АҚШ-тың Мексикамен шекарасында сәуір айынан бері 2 мыңға жуық бала өз жанұясынан бөлініп ажыратылған. Бұл туралы елдің ішкі қауіпсіздік департаменті мәлімдеді.
Құзыретті органның хабарлауынша, мұндай шара Трамп әкімшілігінің заңсыз миграциямен күресу мақсатында қолға алынған. Нәтижесінде шекараны заңсыз кесу оқиғасының барлығы қылмыс ретінде қарала бастады. Ал тәртіп бойынша іс қозғалған кезде балаларды жауапқа тарту қарастырылмаған.
Сондықтан оларды ата-аналарынан уақытша оқшаулап, арнайы орталықтарға орналастырылып жатыр. Алайда мұндай үрдіс құқық қоғаушылар мен дәрігерлердің сынына ұшырап, халықтың наразылығын туғызуда. Ал билік болса бұл заңсыз миграцияға тосқауыл қою үшін қажет дейді.
Мануэль Падилла, Рио-Гранде шекара бөлімінің басшысы: - Балалардың барлығы Босқындарды орналастыру басқармасының орталықтарына жіберіледі. Олар бұл жерлерде ата-анасымен қайта қауышқанша болады. Сондықтан мұны балаларды отбасынан бөлу деп қарамау керек. Бұл тек заңсыз мигранттың ісі сотта қараллып біткенше жүргізілетін шара.
Дереккөз: 24.kz