Атырау, 30 қараша 07:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​​Грекия халқы жаппай ереуілге шықты

1 912 просмотра


Ресми Афин мен Скопье Македония Республикасы атауын өзгертуге қатысты келісімге қол жеткізгеннен кейін Грекия халқы жаппай ереуілге шықты.

Бұл шешімге наразылық білдірген шерушілер тәртіп сақшылармен қақтығысып, 8 адам жараланды. Полиция бас көтергендерді тарату үшін көзді жасаурататын газ қолданды.  

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Македония Республикасының атауы Солтүстік Македония Республикасы болып өзгертілді. 

Осы атауға байланысты Афин мен Скопье арасындағы дау-дамайдың басталғанына 25 жылдан асты. Грекия елдегі Македония облысымен шатастырмас үшін республика атауын өзгертуді талап етіп келген.

Дереккөз: 24.kz

19 маусым 2018, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.