Атырау, 19 желтоқсан 06:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қаптаған шенеунікте қадір бар ма?», «Теңге тағы құлдырай бастады», «Қытайға осы жолы кім қанша қарыз болып қайтты?», «БЖЗҚ ерікті зейнетақы салымшыларына тиімділіктер қарастырған», «Хан Кененің басы басты мәселе ме?».

1 851 просмотра

QAMSHY.KZ. «”7-20-25” бағдарламасының шарттары жарияланды» - «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

AZATTYQ.ORG. «Корея халқының еңбекққорлығына таң қалдым» - Постсоветтік кезеңде басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда жақын және алыс шет елдерде қазақстандық еңбек мигранттары азырақ көзге шалынады. 

«Молдова Ресейдің әскери қимылына алаңдайды» - Молдова Ресейдің Приднестровьедегі әскери күштерінің ескертілмеген жүріп-тұрысына наразылық танытып, алаң болып отыр.

AIKYN.KZ. «Қаптаған шенеунікте қадір бар ма?» - Қазақстанда шенеунiктер саны Жапониядан 80 есе көп, бiрақ Жапония экономикалық жағынан әлемдегі барлық мемлекеттің алдында. Қазақстанда жұмыс iстейтiн азаматтардың 21 пайызы – шенеунiк немесе квазимемлекеттiк сектор, ұлттық компания менеджерлерi. Бұл көрсеткiш АҚШ-та 14 пайыз, Австрияда 10 пайыз екен. Шенеунік шекпенін жамылған мыңдаған азаматтың  арасында мемлекетшіл тұлғалар неге аз?

ABAI.KZ. «Қытайға осы жолы кім қанша қарыз болып қайтты?» - Қазақстанның сыртқы қарызы 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 167 млрд  484,7 млн долларды құрады. Ұлттық Банк баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның  мемлекеттік және үкімет кепілдігімен алынған сыртқы қарызы 307,9 миллион доллар болған.

«Хан Кененің  басы басты мәселе ме?» - Кейінгі  уақытта әлеуметтік  желілерде де, қарапайым жұрттың  арасында да Хан Кененің басын Ресейден алып келсек, қазақтың рухы көтеріліп, абыройы  асқақтап, мерейі үстем болады деген лепірме жиі айтылатын болды.

KTK.KZ. «Теңге тағы құлдырай бастады» -  Сарапшылар не дейді? Бүгін Қазақстан қор биржасынында бір доллардың орташа бағамы 338 теңге 78 тиынды құрады. Сарапшылар бұл өзгерістің басы ғана деп отыр.

ALASHAINASY.KZ. «БЖЗҚ ерікті зейнетақы салымшыларына тиімділіктер қарастырған» -  БЖЗҚ қорының өкілдерінің айтуынша, зейнетақы қорына ерікті жарна құюшылар ақшасын зейнетақы жасына жетпей ала алады.


19 маусым 2018, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.