Ағылшындардың екі голын да тунистіктер қақпасына Харри Кейн салған. Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде ағылшындар Тунис құрамасын 2:1 есебімен ұтты, деп жазады Р-Спорт.
G тобының матчы Волгоградтағы "Волгоград Арена" стадионында өткен.
Ағылшындардан екі голды Харри Кейн салды (11-ші минут және 90+1), ал Тунис командасынан — Фертани Сасси (35, пенальти).
Топтық кезеңнің келесі турында тунистіктер Бельгия құрамасына қарсы ойнайды, матч 23 маусымда Мәскеудің "Спартак" стадионында өтпек.
Ал Англия құрамасы Панама командасымен 24 маусымда Нижний Новгород қаласында кезігеді.
Дереккөз: sputniknews.kz