Атырау, 26 қараша 02:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шығарындылар шығару үшін ауа райын күтпейді

2 019 просмотра


Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Қадыржан АРЫСТАН көктемде Атыраудың ауа сапасына жасалған мониторинг қорытындысы бойынша АМӨЗ-ге, Атырау ЖЭО-ға және «Батыс Петролеум» ЖШС-не қатысты айыппұл санкциялары қолданылды деп хабарлайды. Өкінішке орай, айыппұлдар сомасы редакция сауалына берілген жауапта көрсетілмеген.

Ауаның күкіртсутекпен негізгі ластану көздері «Сасықсай», «Квадрат» және АМӨЗ (шикі коксты өндіру) деп танылды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, экологтар атмосфераның жер бетіне жақын қабатының өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларымен ластануы көбінесе ауа райына байланысты болатынын айтқан. «Қазгидромет» РМК қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы болжамды үнемі өз сайтында орналастырып, I және II санатты экологиялық қауіптілігі бар компанияларға ескертулер жібереді. Заңнамаға сәйкес, адресаттар осы кезеңде «ҚМЖ кезінде шығарындыларды реттеу әдістемесі» бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға тиіс. Ал облыстық экология департаментінің жақында ішінара жүргізген тексеру жұмыстары кәсіпорындардың осы талаптарды орындамайтынын көрсетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

18 маусым 2018, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.